Тест сынағын тапсырушы түлектер өткен жылғыға қарағанда екі мың адамға көп - Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. «Жылдан жылға біз алдыға қарай дамудамыз, барлық ұсыныстарды қарап, олқылықтардың алдын алып, сұрақ қателерін дұрыстадық. Барлық сұрақтар мектеп бағдарламасынан алынды», деп атап өтті министр.
Брифинг барысында министр, сондай-ақ өткен жылы мектеп бітіргендер мен жалпы білім беретін пәндер бойынша биылғы жылғы халықаралық олимпиада қатысушылары және халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар үшін Кешенді тестілеу өтетінін хабарлады. «Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында төрт пән бойынша: математика, ана тілі, Қазақстан тарихы және өзі таңдаған пәні бойынша жүргізіледі», деді ол.
Министр сонымен қатар, «ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған, тапсырғысы келмесе, ол өз еріктерінде. Бүгінде елімізде көптеген кәсіптік- техникалық оқу орындары бар. Сондай-ақ, шет елдерде елімізден 25 000 жас өз қаражаттарымен білім алып жатыр», деді.