«Тестiлеуден құтылсақ, мәселе шешiле ме» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 тамыз, жұма күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты қабылдады, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымы.

Басылымның жазуынша, аталмыш кездесуде отандық кинема­тографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жос­парлары талқыланды. Мем­лекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген.

"Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті. Президент сондай-ақ, Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынын адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдер жасаудың маңыздылығын да атады", - деп жазады газет "Ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін фильмдер қажет" атты материалда.

Сонымен қатар "Егемен Қазақстанда" түрiкмендердiң ұлы ойшылы Мақтымқұлы ақын жайында ойтолғау жарияланды.

"Түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақыны Мақтымқұлы барша адамзат баласына ортақ тұлға. Оның бас айғағы - сөз еткелі тұрған тұлғаның жатқан жері Иранның Гүлстан провинциясы бүгінде мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналған. Ал, Киевте, Астраханьда және Өзбекстанда ақынға арналып ескерткіштер қойылған.

Мақтымқұлы поэзиясы түрікмен халқымен ортақ тарихы, тілі, мәдениеті мен дінімен байланысты қазақ халқына жақын. Ол тек ақын ғана емес, сонымен бірге философ. Оның өлеңдерін бүкіл дүниетаным мен халық философиясын түсіну арқылы оқу керек. Бұл тұста ол қазақтың ұлы ойшылы мен ақыны Абайға ұқсайды», - делiнген "Мақтымқұлы - сөйлер сөзі түрікменнің" атты мақалада.

***

"Айқын" газетiнiң бүгiнгi санында "Тестiлеуден құтылсақ, мәселе шешiле ме" атты тақырыппн ҰБТ-ға қатысты материал жарияланды.

"Қазақстан Ұлттық бірыңғай тестілеуден құтылуы керек, ол өзіне жүктелген міндетті орындап болды. Кеше Астанада өткен білім саласы қызметкерлерінің «Тамыз кеңесінде» осындай елді елең еткізер мәлімдеме жасалды", - деп басталады мақала.

"Жалпы, Білім және ғылым министрлігіне жан-жақтан ҰБТ-ны өзгерту жөніндегі кеңес-ұсынымдар түсіп жатқан көрінеді. Дәстүрлі осы жиындарында ұстаздар түлектердің жаппай тестілеуді тапсыра алмай қалуы өздерінің де жандарына қатты бататынын, жабығатындарын жеткізіп жатты.

- ҰБТ өзінің әлеуметтік міндетін орын­дады, енді оны қайта құру керек, - деген ұсыныс айтты «Назарбаев универ­ситетінің» студенттік істер және халықара­лық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова. - Біз одан бас тарттық. Өйткені оқушылар дайын жауаптары бар тестілеуге жауап беруге жаман үйреніп алады, ондай білімді игеру қиын емес", - дейдi басылым.

"Статистикалық комитеттің ұлтқа қатысты демографиялық дерегі жыл өткен сайын жағымды болып барады"деп хабарлайды "Айқын" "Қазақтың қарасы көбейiп келедi" атты мақалада.

Әсіресе, солтүстік облыс­тардағы жағдай жақсарған. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Сол­түстік Қа­зақстан облыстарындағы қазақтар халық­тың жалпы саны­ның 50 пайыздан төменгі көрсет­кішін құрап отыр. Демек, бұрын­ғыға қарағанда жақсы, 50 пайызға жетеғабыл екенбіз. Ағымдағы жылдың басында қа­зақтар Ақмола облысында жалпы халық санының 49,2 пайызын құрады. Бұрын-соң­ды болмаған жағымды жаңа­лық, жақсы дерек бұл!

"Аталған аймақта орыстар - 34,5 пайызға, украиндар - 4,7 пайызға төмендеді. Қара­ғандыда да демографиялық қарқыны­мыз өте жақсы, қазақтар халықтың 49,1 пайызын құрап отыр. Орыс хал­қының өкілдері - 37,4, украин­дар бар-жоғы 3,3 пайызға жетті. Қостанайда да бұрынғыдай емес, қарамыз қоюлана түсіпті - 38,8 пайызға жетіппіз. Ал орыстар жалпы халықтың 42,1, украиндар 8,9 пайызын құрайды. Павлодарда да соңғы жылдары қаракөздердің көбейгені айқын байқала бастады. Мұнда қазақтар - 49,8, орыстар - 37, украиндардың өсу деңгейі 4,8 пайыз көрсеткішті көрсетіп тұр. Демо­гра­фиялық өсім туралы алаңдағанда, солтүс­тікке қарай­лай беретініміз бар. Бұл аймақта қарамыз әлі аз, бар-жоғы 34,2 пайыз деңгейде екеніміз ойлан­дырмай қоймайды. Ал бұл өңірде орыстардың салмағы басым, 49,9 пайыз көрсеткішпен таразының бір басын басып тұр. Мұнда 4,5 пайыз украин­дар мен өзге ұлыс өкілдері тұратынын айта кеткен жөн", - делiнген материалда.

"Осы уақытқа дейін елдегі ұлт пен ұлыс­тардың демографиялық өсімі жайлы айт­қанда, осы бес облыс туралы қинала дерек келті­ретініміз жасырын емес. Енді міне, қаракөздердің бұрынғыдан көбейе бас­тағаны байқала баста­ды. Демек, Үкіметтің жүргізіп отыр­ған оңтүстіктегілерді сол­түстік аймаққа көшіру, жастарға солтүстік өңірге оқуға түсуге көбірек грант бөлу саясатына енді белсендірек үн қатуымыз керек", - деп ой тастайды басылым.

*** Орал қаласында миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған AKELLA ЖШС құрылтайшысы Алина Хакалоға қатысты сот процесi басталды, деп хабарлайды "Экспресс К" газетi.

"Жастығына және сүйкiмдiлiгiне қарамастан, сотталушы қасқыр айлалы, қадалған жерiнен қан алмай кетпейтiн қыз, ал оның құйтырқы әрекеттерiнен тiптi USAID ұйымының беделiне нұқсан келген", - деп жазады басылым.

Материал құжаттарына қарайтын болсақ, Алина Хакалоның бойында нағыз қылмыстық дарын тұнып жатыр. Арты қуыс iске түспес бұрын оның халықаралық "Прагма" атты компанияда жәй ғана кеңесшi қызметiндегi тәжiрибесi болған. Дегенмен оның iрi көлемдегi ақшалай қаражатты ұрлауға арналған қылмыстық механизмi ұзақ уақыт бойы еш кемшiлiксiз сәттi атқарылып келген. Толығырақ "AKELLA промахнулась" атты материалдан оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар