Тестілеуге жіберілетін «А» корпусының кадр резервіне кандидаттардың тізімдері іріктелуде

Құжаттарды қабылдау қолма-қол, пошта және электронды пошта бойынша жүзеге асырылды. Құжат тапсырған кандидаттардың тізімі күнделікті Агенттіктің сайтында жаңартылып отырды.
«А» корпусының кадр резервіне 1984 кандидаттан, олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар түсті.
Қазіргі уақытта кандидаттардың құжаттары «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігіне және «Мемлекетттік қызмет туралы» Заңға сәйкестігіне тексеріліп жатыр. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша кандидаттарды тестілеуге жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Тестілеуге жіберілетін кандидаттардың тізімі қалыптастырылуда. Тестілеу 15 мамырда басталады және тек Астанада өткізіледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша өңірлік кадр комиссиясына тестілеуді табысты тапсырған:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшісі;
орталық меморгандар аумақтық басқармасының мемлекеттік қызметшісі болып табылатын кандидаттардың;
олардың тіркелу орны бойынша мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар жөнінде ақпарат жолданатын болады.
Әңгімелесу кестесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында жарияланатын болады.
Өңірлік кадр комиссияларының байланыс деректері Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында орналастырылған.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша өңірлік кадр комиссиялары ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясына жолдайды.