Тетис Петролеум компаниясы алғашқы тоқсанда 529 мың доллар табыс тапты

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Тетис Петролеум Лимитед» алғашқы тоқсандағы қаржылық көрсеткішін жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл компанияның Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жарияланып отырған алғашқы қорытындылары. Бұған дейінгі қаржылық есептері АҚШ-тың Жалпы қабылданған бухалтерлік есеп қағидалары бойынша жарияланған. Компанияның қаржылық есебіне қарағанда олар 3 айда 529 мың доллар табыс тапқан. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 1 миллион 431 мың долларды құраған болатын. Биыл кірістің төмендеуіне қаңтар, ақпан айларында Қызылой кен орнында газ өндірудің тоқтауы әсер етті. Бірінші тоқсанда олардың таза шығыны 5 миллион 960 мың доллар болды. 2008 жылдың дәл осы мерзімінде ол 4 миллион 640 мың долларды құраған еді. Орталық Азияда мұнай мен газды барлау мен өндіруге бағытталған канадалық бұл кәсіпорын қазіргі таңда Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс жасауда.
Соңғы жаңалықтар