Тейлор Свифтке арналған кеште өлтірілген балалардың саны үшке жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Саутпорт қаласында Тейлор Свифттің шығармашылығына арналған би мастер-класы кезінде пышақпен шабуыл жасалып, қаза тапқан балалардың саны үшке дейін өсті. Бұл туралы Мерсисайд округінің полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Би шеберлік сағаты кезінде балаларға пышақпен жасалған шабуыл туралы бұған дейін хабарланған болатын. Нәтижесінде екі бала қаза тапты, тағы тоғызы жарақат алды, алтауы ауыр жағдайда болған.
Оқиға Тейлор Свифтке арналған іс-шара кезінде, Англияның теңіз жағалауындағы Саутпорттағы Харт-стритте болды. Қастандық жасады әрі кісі өлтірді деген күдікпен Ланкаширдегі Бэнкс қаласынан келген 17 жастағы бозбала қамауға алынды.
Патша мен премьер-министр зардап шеккендерге шын жүректен көңіл айтып, құрбандарды еске алды.