Тейлор Свифтің концертінде тыңдармандар тура мағынасында жерді дүр сілкіндірді

тэйлор
Фото: instagram.com/taylorswift

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық поп-жұлдыз Тейлор Свифт өткен демалыс күндері Шотландияның астанасында үш концерт беріп, бір жыл бұрынғыдай жерді тағы дүр сілкіндірді, деп хабарлайды ВВС.  

Дәлірек айтқанда, жер бетінің дірілдеуіне әншінің жанкүйерлері себеп болды, әнші оларды билеуге және тебінуге белсенді түрде шақырды.

Мониторинг жүргізу стансалары сейсмикалық белсенділікті тіркеді, ол концерт өткен жерден 6 шақырым қашықта сезілді.

Әншінің жанкүйерлері әсіресе мына үш әнді орындау кезінде қатты әбігер туғызды: Cruel Summer, Ready For It? және Champagne Problems.

Жұма күні Эдинбургте 73 мың көрерменді жинаған үш концерттің біріншісі ең шулысы болды.

Сейсмикалық белсенділіктің көп бөлігі аяқтың тебінуінен туындады, бірақ датчиктер әншінің Champagne Problems туындысын орындағаннан кейін төрт минуттық ду қол шапалақты да тіркеді.

Бұл – әнші жанкүйерлерінің Жерді бірінші рет дүр сілкіндіруі емес: сейсмикалық тербеліс Свифтің Сиэтл мен Лос-Анджелесте гастрольдік сапарында да болған.  

Сиэтлдегі концертте 2,3 балдық жер сілкінісімен тең белсенділік тіркелді.

Соңғы жаңалықтар
telegram