The Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның гитарасы аукционда рекордтық бағаға сатылды

Ұлыбританиялық танымал The Beatles тобының мүшесі, музыкант, композитор Джон Леннонның 50 жылдан кейін шатырдан табылған әйгілі гитарасы аукционда рекордтық бағаға сатылды. Бұл туралы Euronews жазды. 

Танымал музыканттың гитарасы рекордтық бағаға сатылды
Фото: Julien’s Auctions; techno.bigmir.net

Нью-Йорктегі Hard Rock кафесіндегі аукционның бірінші күнінде 12 ішекті акустикалық гитара рекордтық 2,9 миллион долларға (2,68 миллион еуро) бағаланды. Осылайша ол аукционда сатылған The Beatles квартетінің ең қымбат гитарасына айналды. 

Джон Леннонның гитарасы аукционда рекордтық бағаға сатылды
Фото: euronews.com

Айта кетейік, музыкалық аспап кездейсоқ 90 жастағы ер адамның шатырынан табылған. Кейін оның Beatles мүшелерімен достық қарым-қатынас орнатқаны, алпысыншы жылдары «Питер мен Гордон» поп-дуэтінің менеджері болғаны анықталды. Дуэт мүшелерінің бірі Гордон Уоллер гитараны 1965 жылы Ленноннан алып, көп өтпей менеджеріне сыйға тартқан.