The Golden Empire телехикаясының түсірілімі бел ортасына таяды

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  Алтын Орда дәуірі мен Жошы Ұлысының қалыптасуына арналған ауқымды деректі-драмалық The Golden Empire телехикаясының түсірілімі тең жартысына жетті. Жоба халықаралық Karga Seven Pictures кинокомпаниясының бастамасымен және «Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. 

«The Golden Empire» телехикаясының түсірілімі бел ортасына таяды
Фото: Юджиния Берман

Жоспарланған он бір аптаның бесеуі аяқталды. Бүгінде түсірілім тобы Алматы облысында телехикаяның негізгі көріністерін, соның ішінде пиротехника, каскадерлік трюктер мен жануарлар қатысатын кең ауқымды шайқас эпизодтарын түсіріп жатыр.

Түсірілім алаңында 400-ден астам маман: режиссерлер, операторлар, суретшілер, техникалық қызметкерлер және актерлер жұмыс істеуде. Түсірілімге 80 актер мен Nomad Stunts командасының 20 кәсіби каскадері қатысып жатыр.

«The Golden Empire» телехикаясының түсірілімі бел ортасына таяды
Фото: Юджиния Берман

Түсірілім тобымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин кездесті. Ол орнатылған декорациялармен танысып, көріністерді дайындау барысын бақылап, шығармашылық және ұйымдастырушылық мәселелерді командамен талқылады. Кездесуге жобаның продюсері Фикрет Маноглу мен жобаның режиссері Емре Сахин де қатысты.

«The Golden Empire» телехикаясының түсірілімі бел ортасына таяды
Фото: Kazinform

Түсірілім аяқталғаннан кейін жоба монтаж және постпродакшн кезеңіне өтеді, онда бейне және дыбыс элементтері тұтас кинематографиялық туындыға біріктіріледі.

Еске сала кетейік, наурыз айында Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар