The Jigits тобы жаңа инста-бейнебаянын ұсынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - The Jigits тобы Алматыда инста-бейнебаянын көпшлік назарына ұсынады.

The Jigits тобы жаңа инста-бейнебаянын ұсынады

Ринат Ғайсин мен Байғали Серкебаевтың тәлім алушылары «STOP» әніне жаңа форматта бейнебаян түсірген болатын.

Идея авторы А STUDIO әншісі Байғали Серкебаевтың қызы, Central Saint Martins Лондон университетінің студенті Сана Серкебаева. Түсірілім жұмыстары былтыр қарашада Лондонда өткен.

Instagramда 15 секундтан артық видео жарияланбайтынына байланысты, клип 14 бөлікке бөлінген.

«Видео қазіргі шығып жатқан форматтан ерекше болып шықты. Темза жағалауы, Гайд-парктегі велосипедтер, жанталасқан тіршіліктен алшақтық, мамыражай өмір суреттеледі. Баяғы Битлз заманына түскендей боласыз», - деді Байғали Серкебаев.

Клиптің премьерасы 4 наурызда барлық ТМД телеканалдарында өтеді. Алматыда топтың фанаттары мен журналистер 4 наурызда China Gold Lounge & Night Club барында кездесе алады.

Жиынға Music-Cola, Дильназ Ахмадиева, Айқын, Мақпал Исабекова, Али Оқапов, Лидо, Ademi келеді.