The Mirror: Головкин-Канело кездесуі 2017 жылғы жекпе-жектердің ең қызықтысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық The Mirror басылымы спортүйсер қауымның ерекше қызығушылығын тудырып отырған 2017 жылы болаатын кездесулерді атады, деп жазады Sports.kz.

The Mirror: Головкин-Канело кездесуі 2017 жылғы жекпе-жектердің ең қызықтысы

Олардың арасында қыркүйек айына жоспарланған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (36-0, 33 КО) мексикандық Сауль Альварестің «Канело» (48-1-1, 34 КО) де кездесуі тұр.

Сонымен қатар ең үздік бестіктің қатарында төмендегі боксшылардың кездесулері аталды: Энтони Джошуа - Дэвид Хэй Карл Фрэмптон - кіші Гэри Расселл Андре Уорд - Сергей Ковалёв (реванш) Александр Усик - Мұрат Гассиев.