The Ring 2024 жылды қортындылады: Александр Усик үш номинацияда жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - The Ring boxing журналы өткен жылдың қорытындысын шығарды. Марапаттау рәсімі Лондонда өтті, деп хабарлайды Kazinform Facebook-тегі Boxing Бокс парақшасына сілтеме жасап.

Ауыр салмақтағы біріккен әлем чемпионы украиналық Александр Усик үш номинацияда қатар жеңіске жетіп, Ring Awards үздігі атанды.
Бірнеше күн бұрын беделді ESPN басылымы Александрды «Жыл жауынгері» деп таныды, ал The Ring де мұндай құрметті марапатқа британдық Тайсон Фьюриді екі рет жеңу жеткілікті деп есептеді.
Сондай-ақ Усик пен Фьюридің алғашқы жекпе-жегі «Жыл оқиғасы» болса, осы текетірестің тоғызыншы раунды «Жыл раунды» номинациясын жеңіп алды.
The Ring Awards 2024 нәтижелері:
«Жыл боксшысы (ерлер)» - Александр Усик
«Жыл оқиғасы» - Усик пен Фьюридің алғашқы жекпе-жегі
«Жыл раунды» - Усик пен Фьюри арасындағы алғашқы жекпе-жектің 9 раунды
«Жыл нокауты” - Даниель Дюбуа KO5 Энтони Джошуа (КО5)
«Жыл оралуы» - Билли Диб
«Жыл апсеті» - Бруно Сурас - КО 6 - Хайме Мунгуиа
«Жыл жобасы» - Мозес Итаума
«Жыл бапкері» - Роберт Гарсиа
«Жыл жекпе-жегі» - Рэймонд Форд - Отабек Холматов (КО12)
«Жылдың үздік боксшысы (әйелдер)» - Габриэла Фундора
«Өмірдегі жетістік» — Дон Кинг.
Еске сала кетейік, боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.