The Ring: Головкин мен Альварестің жекпе-жегі - жыл оқиғасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналы бокста 2017 жылы түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Жылдың үздік оқиғасы аталымына Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жек лайық болды.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйектегі сол айқаста күмәнді тең нәтиже тіркелген болатын.

Бұдан тыс, Головкин - Альварес кездесуі «Жылдың үздік раунды» (12-раунд) аталымына да ұсынылған. Алайда бұл ретте жеңіс басқа жекпе-жектің еншісінде кетті.

Соңғы жаңалықтар