The Ring P4P рейтингінде Головкин төртінші орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы 3 қаңтарда The Ring журналының сайты салмақ дәрежесіне қарамастан  үздік боксшылар атанғандар тізімін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

The Ring P4P рейтингінде Головкин төртінші орнын сақтап қалды

Өткен жылғы ТОП-10 салыстырғанда, бұл тізім аса өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Көш бастап тұрған Роман Гонсалес, одан кейін Андре Уорд және Сергей Ковалев. Қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орында тұр.

Үздік ондыққа енген спортшылар:

1. Роман Гонсалес 2. Андре Уорд 3. Сергей Ковалев 4. Геннадий Головкин 5. Теренс Кроуфорд 6. Василий Ломаченко 7. Гильермо Ригондо 8. Сауль Альварес  9. Шинсуке Яманака 10. Карл Фрэмптон.