The Ring: «Туреано Джонсон - Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ма?»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс жөніндегі танымал The Ring басылымының журналисі Майкл Вудс Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Сауль Альварес емес, Туреано Джонсон болуы ықтимал екенін айтады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Дэнни Джейкобс WBO тұжырымы бойынша еш жеңіліп көрмеген бұрынғы чемпион Питер Куиллинді ойсырата жеңген кезде жұртшылықтың орта дивизионға деген қызығушылығы одан бетер арта түсті.

Ал Геннадий Головкин қашан тұғырдан тайғанынша, орта салмақтағы бастысы болып қала береді.

The Ring чемпионы Сауль Альварес 155-тен 160 фунтқа ауысып, Головкинмен айқасқа шығатын түрі көрінбейді, демек IBF/WBA титулының иегері Геннадий Головкинге басқа қарсылас іздеуге тура келеді.

Меніңше, бұған багамдық боксшы Туреано Джонсон лайықты. Ол 17 қазанда Имонна О'Кейнаны жеңді. Өзінің мықтылығын дәлелдеп, IBF рейтингінде бірінші орынға шықты», - деп жазды автор.

Соңғы жаңалықтар