«The Telegraph» газетінің «Жыл фотосуреттері» топтамасында Қазақстанда түсірілген фото жарияланды (ФОТО)

Онда аталған сән апталығының өткен жылғы күзгі көрсетілімдерінің біріне қатысқан модель түсірілген. Фотосуреттің авторы: Шәміл Жұматов.
Сайттың «Pictures of the year: October, November and December 2015» (Жыл фотосуреттері: 2015 жыл, қазан, қараша, желтоқсан айлары) тарауында Қазақстанмен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінде түсірілген ең қызықты және ерекше фотосуреттер көрсетілген. Онда табиғи құбылыстар, жер шарының әсем жерлері туралы және басқа да фотосуреттерді көруге болады. Олардың ішінде атақты тұлғалардың езу тарттырар фотосуреттері де бар.
Айта кетелік, The Telegraph - Ұлыбританияда The Times, The Guardian және The Independent секілді ең танымал газеттердің бірі. Ол 1855 жылдан бері шығып келеді. Күн сайын 600 мыңнан астам данамен тарайды. Басылымның онлайн нұсқасы да бар.