«The Walt Disney Company» кинокомпаниясының атқарушы директоры отставкаға кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «The Walt Disney Company» кинокомпаниясының атқарушы директоры Томас Стэггс 6 мамырда отставкаға кетеді. Бұл туралы конгломерат басшысы Роберт Айгер хабарлады, деп жазады «ТАСС» агенттігі.

«The Walt Disney Company» кинокомпаниясының атқарушы директоры отставкаға кетеді

«Томас менің 20 жылдан астам уақыт тамаша досым, адал әріптесім болды», - деп атап өтті ол таратылған мәлімдемеде.
55 жастағы Стэггс небары 14 ай бұрын атқарушы директор болып тағайындалған. Оның отставкасы күтпеген жағдай болды. Ол 65 жастағы Айгерден кейін фирма иерархиясында екінші орынды иеленген. Ол оның «мұрагері» саналған.

Фото:© EPA/JUSTIN LANE