«The Washington Post» басылымын 26 жыл басқарған Бен Брэдли көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 94 жасына қараған шағында АҚШ-тың The Washington Post газетінің бұрынғы бас редакторы Бен Брэдли көз жұмды, деп хабарланған басылым сайтында. Соңғы жылдары ол Альцгеймер дертіне шалдыққан.
Ол бас редактор болып 26 жыл бойы (1965-1991 жылдары) қызмет етті, Брэдли басқарған уақытта газет таралымы екі есеге өсті, басылым 17 рет Пулитцер сыйлығын иеленді.
2013 жылы Барак Обама Брэдлиді АҚШ-тың жоғары наградасы - Бостандық медалімен марапаттады.