10:13, 21 Ақпан 2019 | GMT +6
The World's Вest: Димаш пен Данэлия Американы тағы да таңғалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың The World's Вest байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланды. Отандастарымыздың екеуі де үшінші турға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«The World's Вest» байқауының Инстаграм парақшасында жарияланғандай, Димаш All by Myself әнін орындады. Айта кетерлігі, әнші осы әнді Қытайда өткен «Мен әншімін» байқауында да шырқаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сол секілді «The World's Вest» байқауының Инстаграм парақшасында қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың екінші турда жеңіске жеткен видеосы пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екінші турда жапониялық Манами Ито атты скрипкашымен бақ сынасқан отандасымыз бұл жолы да төрешілерді таңғалдырды. Әнші Украинадағы «Голос. Дети» байқауының алғашқы кезеңінде орындаған «Stone Cold» әнін нақышына келтіре орындап, қарсыласынан ұпай саны бойынша басым түсті.
Айта кетсек, бір қолы жоқ жапониялық Манами Ито скрипканы шебер орындап, осыған дейін төрешілердің қошеметіне ие болды.