Тибет буддашыларының рухани көсемі Далай-лама «үлкен саясаттан» кететінін мәлім етті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Тибет буддашыларының рухани көсемі Далай-лама «үлкен саясаттан» кететінін мәлім етті.

Тибет  буддашыларының рухани көсемі  Далай-лама  «үлкен  саясаттан» кететінін мәлім етті

Бұл шешімі туралы ол кеше, 14 наурызда «қуғындағы тибет үкіметінің мүшелерін» хабардар етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Далай-лама - өткен ғасырдың 50-жылдарының соңынан бері Үндістанда қуғында жүр. Ол 1989 жылғы әлемдік Нобельдік сыйлығының иегері. Ал 2005 жылы XIV Гессеннің бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Далай-лама бұл сыйлықпен Қытай өкіметі мен Тибет халқы арасындағы қақтығысты бейбіт реттеу жөніндегі көпжылдық күш-жігері үшін марапатталды. Ол сондай-ақ 2006 жылы АҚШ-тың жоғары наградасы - Конгрестің Алтын медалін де алған еді.