Тибет ҚазАқпарат объективінде : Лхастан Нинчиге сапар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тибет ғаламшардың сыртқы әлем үшін жабық әрі барынша құпияға толы өңірінің бірі. ҚазАқпарат тілшісі Лхаспен танысқаннан кейін Тибеттің әкімшілік орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 400 шақырым жерде орналасқан Нинчи қалалық округіне барып қайтқан болатын.

 Тибет ҚазАқпарат объективінде : Лхастан Нинчиге сапар



Жақсы жолдың болмауы салдарынан Лхастан Нинчиге көлікпен сапар 9 сағаттан астам уақытты алды.

2 3 null 

Лхастан Нинчиге дейінгі тас жол құрылысын 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

5 6  

Қазіргі тибет ауылдарының бірі

Тибет  қодастар отаны. Жергілікті тұрғындар бұл жануарды жүк тасуға пайдаланылып, етін тұтынады. Сонымен қатар сүтін де ішеді.

Тибеттік малшылар шатырда тұрады және жануарларды бағып бір тау бөктерінен келесіне көшіп-қонып жүреді.

Таулы алқаптардағы жылыжайларды көкөніс өсіріледі.


 
 

Лхастан Нинчиге дейінгі жолдағы Мила асуы 5013 метр биіктікте орналасқан.

13 

Бұралаң тау жолы өте көп.

14 15 16 

Жол бойындағы кемпингтерде тибеттіктер садақ ату қызметінен нәпақы тауып отыр. Бір мәрте садақ ату -  1 юань (50 теңге)

17 18 

Нинчиге (Линьчжи) біз қас қарая ғана жеттік. Қытай үкіметі Үндістанның Аруначал-Прадеш штатының шығыс бөлігін де өз территориясы округінің құрамына кіреді деп санайды. Ал оған Үндістан келіспей отыр.

19 20 21 

Нинчи округінде 4206 биіктікте Лулан орманын көруге арналған  мұнара бар. Бұл орын бұлттармен астасып жатыр.

22 

Осы орман атауымен аталатын Лулан ауылында 1366 адам тұрады. 2010-2015 жылдары билік 400 төсек орынға арналған туристік қалашық пен жергілікті тұрғындарға баспана салуға 3,3 млрд. юань (500 млн. доллар) бөлді.

23 

Бұл жерде мектеп те салынған. Ал оған дейін ауыл балалары бірнеше сағаттық жердегі округ орталығына барып білім алуға мәжбүр еді.

24 

Билік Луланды Тибеттің экологиялық туризм орталығына айналдыруға ниетті.

25 26 

Poly Group корпорациясы ауылда 143 нөмірі мен президенттік апартаменттері бар «Artel Linzhi Poly Lulang» деп аталатын 5 жұлдызды қонақ үй салған.

27 

17 жастағы тибет қызы Байма Цзыцзо қызметшілікті үйренуде және қонақ үйден тағлымдамадан өтуде. Өз тағдырын дәл осы жермен байланыстырмақ. Оның ата-анасы малшылар. Олар Луланнан 400 шақырым жерде тұрады.

28 29 30 

Үкімет туристік бизнесті дамыту үшін жергілікті тұрғындарға субсидия бөледі, малшылар туристерге арналған керуен сарайларын салған.

31 

Джасиган ауылында  күйеуімен және 4 баласымен тұратын 36 жастағы тибеттік Ла Му туристерге бір төсек орынды тәулігіне 60 юаньға (3000 теңге) жалға береді.

«Біз 2008 жылға дейін тек шөп пен саңырауқұлақ жинаумен, сонымен бірге мал өсірумен айналыстық. Туристерді қабылдай бастағаннан кейін біз жылына 100 мың юаньнан астам (15 мың доллар) табыс табатын болдық. Біздің 32 му (2 гектар) жеріміз бар. Онда картоп пен қызанақ өсіреміз. Шаруашылығымызда 40 қодас пен 8 шошқа бар. Біздің ауылдағы 60 отбасының жартысына жуығы қонақ үй бизнесімен айналысады», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

32 

Ла Мудың үйінде туристерге арналған 25 бөлме бар. Оның әрқайсысында 2 төсектен қойылған.

33 

Бөлмеде тұру ақысына тамақ шығыны да кіреді.

34 

Ла Му шетелдік тілшілерге қодас сүтінен жасалған кұрттан дәм татқызып, тұзды сүтті шай берді.