Тибетте ежелгі мәдениет ескерткіштерін жеделдете жөндеу кезеңі басталды

ЛХАСА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Жексенбіде Тибет автономиялық өлкесінде үш негізгі мәдениет ескерткішін - Потал сарайын, Норбу-линк жазғы сарайын және Сакья монастырын жөндеу жобаларын іске асыру ресми аяқталды,

Тибетте ежелгі мәдениет ескерткіштерін жеделдете жөндеу кезеңі басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Оларды іске асыруға жұмсалған жалпы күрделі қаражаттың мөлшері 380 млн. юаньға (47 млн. АҚШ долларына) жетті.

Тибеттің 22 басқа да көрікті орындарын жөндеуді іске асыру үшін таяуда Қытай үкіметі тағы 570 млн. юань (84 млн. доллар) бөлу туралы шешімін жариялаған болатын. Осылайша, ежелгі мәдениет ескерткіштерін жеделдете жөндеу кезеңі басталды.