Тибетте тербелісі 5,7 жер сілкінісі болды

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайдың Сицзян провинциясында (Тибет автономиялық ауданы) тербелісі 5,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлады РБК.

Тибетте тербелісі 5,7 жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері 31,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Зілзала ошағы Ваньда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болған.

Зардап шеккендер туралы мәліметтер түскен жоқ.