Тибеттік күшік 2 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чжэцзян провинциясында тибеттік мастиф итінің күшігі бұрын-соңды болмаған бағаға - 2 млн. долларға сатылды. Күшікті қытайлық құрылыс компаниясының бастығы сатып алған екен.
None
None

Бұл әлем бойынша иттің күшігі үшін төленген ең қымбат ақы деуге болады. Тарихи келісім сәрсенбі күні жүзеге асырылды. Жалпы, тибеттік мастифтер байлардың санатына жататын қытайлық кәсіпкерлердің арасында зор сұранысқа ие. Себебі, бұл иттер арыстанға ұқсас. Сондықтан болар ол Қытайда биліктің символы болып саналады. Жер бетіндегі ең қымбат күшіктің иесі оның төрт аяқты «досының» бойында арыстанның қаны барына сенімді. Таза қанды тибеттік мастиф - Қытайда панда сияқты сирек кездеседі әрі мемлекеттің ұлттық құндылығы болып табылады. Бұған дейін дәл осындай күшіктің бірі 2011 жылы бәссаудада 1,5 млн. долларға сатылған, деп жазады Вести ру.

Соңғы жаңалықтар