Тигран Гекчян Қазақстан баскетбол құрамасының бас бапкері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Азия кубогы іріктеу кезеңінің қалған матчтары алдында ауысты, деп хабарлайды Қазақстан баскетбол федерациясы.

Тигран Гекчян
Фото: armradio.am

Федерацияның хабарлауынша, баскетболдан Қазақстан құрамасын Катар және Иран құрамаларына қарсы өз алаңындағы матчтарға Қазақстанда «Атырау барыстары» клубындағы жұмысымен танымал армян маманы Тигран Гекчян дайындайды.

Гекчянның штатына сондай-ақ ресейлік Евгений Овсянников пен екі қазақстандық бапкер – Александр Лысяк пен Тимур Сұлтанов кірді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордалық «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан жиырманшы ойында жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар