Тигран Саркисян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Армения Президенті Серж Саргсян Тигран Саркисянды Арменияның премьер-министрі қызметі тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Новости-Арменя басылымы.
Президент ұсынған Саркисянның кандидатурасы бүгін Арменияның республикалық партиясының отырысында бірауыздан мақұлданды.