Тихвин вагон жасау зауыты құрылысының кредиттік желісі 660 миллион долларға дейін ұлғайттылды
АЛМАТЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі мен "Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі" мемлекеттік корпорациясы Ленинград облысындағы Тихвин вагон жасау зауыты құрылысының кредиттік желісін 430-дан 660 миллион долларға дейін ұлғайтты.
Бұлардың әрқайсысы "Тихвин вагон жасау зауыты" ЖАҚ-на 330 миллион доллардан бөлмек. Жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы 3 жақты келісімге олар 2008 жылдың қазанында қол қойған болатын. Қаржы кәсіпорын құрлысына, құрал-жабдықтар сатып алуға және зауытты пайдалануға беруге бағытталады.
Тихвин вагон жасау зауыты құрылысының капиталдық шығындарының жалпы көлемі 1 миллиард долларды құрайды. Бұл Еуропадағы машина жасау саласындағы ең ауқымды өнеркәсіптік нысан болмақ. Ол ағымдағы жылы кезең-кезеңімен іске қосылады.