Тиімділікті арттыру бағдарламасы ҚТЖ-ға қосымша 576 млрд. теңге пайда береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тиімділікті арттыру бағдарламасы ҚТЖ-ға қосымша 576 млрд. теңге пайда әкелмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның корпоративті даму бойынша атқарушы директоры Еркін Жусанбаев мәлім етті.

Тиімділікті арттыру бағдарламасы ҚТЖ-ға қосымша 576 млрд. теңге пайда береді

«2010 жылдан бері қолға алынып келе жатқан тиімділікті арттыру бағдарламасы 2020 жылға дейін ҚТЖ-ға қосымша 576 млрд. теңге пайда береді», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, компания кірістерді әртараптандыруды қолға алады. Транзиттік жүк тасымалдарын, көліктік-логистикалық саладан түсетін пайда көздерін әртараптандыру арқылы компания дағдарыстың кері салдарларын білдіртпеуді көздеп отыр. Мәселен, транзиттік жүктердің тасымалы компанияның төрттен бір бөлігін құрайды. «Бұл аса әлеуетті нарық, сондықтан біз өз қызметтеріміздің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстарды қарқынды қолға алатын боламыз», - деп түйді сөзін Е.Жусанбаев.