Тиін фотографтың камерасын тартып алып, өзін түсірген - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреалдық фотограф Дэвид Фрайхайт GoPro камерасы арқылы тамаша кадрларға қол жеткізді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Тиін фотографтың камерасын тартып алып, өзін түсірген - ВИДЕО

Бейнероликте тиінді фотоға түсіріп алмақ болған кезде камераны ала қашып, бірер сәттен кейін фотографтың өзін түсірген сәті бейнеленген.

GoPro камерасының ең кішкене нұсқасының салмағы 74 грамм тартады. Сондықтан тиін оны еш ауырсынбастан ала қашқан.

Қазіргі сәтте қызықты видеоны бір жарым миллионнан астам адам тамашалаған.