Тиісті бағдарлама қабылданғаннан кейін ғана елімізде атом электр стансасын салу туралы айта аламыз - Д.Тұрғанов
АНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанның атом саласын дамыту бағдарламасы ағымдағы жылдың екінші жартысында қабылдануы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Қазақстандағы атомдық саланы дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференция аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Жапонияда болған апатты ескере отырып, аталған бағдарламаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. «Біз реакторлар жұмысының қауіпсіздігі мәселесіне ерекше мән беретін боламыз. Меніңше, жазға қарай, яғни 2-3 айдың ішінде біз барлық ескертулер мен ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастырып, жылдың екінші жартысында бұл бағдарламаны қабылдайтын боламыз. Осы құжат қабылданғаннан кейін ғана біз атом электр стансасын салу туралы нақты айта аламыз», - дейді Д.Тұрғанов.