ТІКА түрік агенттігі Қазақстанның 5,5 мың тұрғынына ауызашар береді

Агенттіктің өкілі Әли Ихсан Чаглардың айтуынша, биылғы Рамазан айында осындай қайырымдылық астарын Қазақстан бойынша 5,5 мың адамға ұйымдастыру жоспарлануда - қарттар үйлерінің тұрғындарына, елдің әртүрлі қалаларындағы аз қамтамасыз етілген жандар мен қариялар үшін.
«Біздің мекемеде 12 ұлттың 300-ге жуық өкілі тұрады. Олардың 100-ге жуығы мұсылмандар. Олар қарттар мен мүгедек жандарға дәстүрлі түрде көрсетілетін қамқорлық үшін еліміз Президентіне, Үкіметке және Астана әкімдігіне шексіз алғыс айтады. Меніңше, біздің мемлекетте қариялар мен мүгедектерге қарым-қатынас ерекше. Міне, бүгінде осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде. Ауызашарды бұған дейін бірнеше мешіт пен кәсіпкерлер ұйымдастырған болатын. Бүгін оны ТІКА түрік агенттігі қолға алды», - деді Орталық директоры Кенжеболат Бәпішев.
Іс-шараға сондай-ақ Түркі Республикасы Елшілігіндегі Білім және ғылым министрлігінің өкілі Мұстафар Қалқан да қатысты. Ол Орталық тұрғындарын Рамазан айымен құттықтап, оларға ізгі-тілектерін білдірді.