Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тікелей эфирде тележүргізушінің қолына пышақ қадалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада таңертеңгілік шоу түсірілімінде сиқыршы байқамай тележүргізушінің қолын тесіп алды. Оқиға Варшавадағы түсірілім алаңдарының бірінде болған.

 Тікелей эфирде тележүргізушінің қолына пышақ қадалды

Зардап шеккен әйел сиқыршының парасаттылығы мен кәсіпқойлығына сенгенін және ол оның жарақаттайды деп ойламағанын айтады, деп жазды svopi.ru. Нәтижесінде нөмірді сахналау кезінде ер адам тележүргізушінің қолына пышақ қадап алды. Қорыққан тележүргізуші бірден дәрігерлік пунктке барып, оған тиісті медициналық көмек көрсетілді. Телеарнаның продюсері бағдарламаға жұмыс басталмастан бұрын мұқият дайындалғандарын айтады. Ал сиқыршы болса әйелдің қолын әдейі теспегендігін айтып, сендіріп отыр. Сценарий бойынша пышақ тележүргізушінің алақанында жоғалып кетуі тиіс болған, деп хабарлайды 24.kz.