TikTok-та ҚР Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты ашылды. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

TikTok-та ҚР Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты ашылды

Логині mod.gov.kz деп аталатын TikTok пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген. Олардың бір бөлігі – ҚР Қарулы Күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтардан үзінділер.
Шын мәнінде бұл аккаунттың ҚР Қорғаныс министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы ведомстводан хабарлады.

«https://vm.tiktok.com/ZSeTLqDLB / сілтемесі бойынша ашылатын TikTok аккаунты фейк болып табылады. Оның ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok ведомствоның аккаунттары бар әлеуметтік желілер тізімінде көрсетілмеген.