Тікұшақ апаты: Sky Service әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды
«ЕС130 Т2 маркалы тікұшақтың (Тіркеу нөмірі UP-EC038) апатқа ұшырауына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап, «SKY SERVICE» АҚ әуе компаниясының ұшу қызметін уақытша тоқтатады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Тау самалы шағын ауданында тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыштың қаза тапқанын хабарлаған едік. Апатқа қатысты тергеу жұмыстары басталды.
«Sky Service» әуе компаниясы 2005 жылы құрылған. Компания тікұшақпен коммерциялық ұшулар мен жергілікті жерлерді мониторингілеу және авиациялық-құтқару жұмыстары саласындағы қызметтерді ұсынады. Әуе компаниясының 12 тікұшағы және 2 ұшағы бар. Компанияның әуе паркінде Eurocopter және Bell Helicopter TEXTRON зауыттарының тікұшақтары бар.