Тікұшақ апатынан 8 Франция және 2 Аргентина азаматы ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның шалғай бөлігінде екі тікұшақтың соқтығысуынан қаза тапқан он адамның ішінде Францияның 8 азаматы мен екі аргентиналық бар.
Ла-Риоха провинциясы билігінің деректеріне сүйенсек, апат TF1 француз телеарнасы үшін апатты жағдайларда аман қалу жайлы "Dropped" реалити-шоу түсіріп жатқан кезде орын алған.
Бортта шоу қатысушылары мен түсірілім тобы болған, апаттан ешкім тірі қалмады, деп хабарлады Би би си.