Тікұшақ апатынан 9 әскери опат болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта Bell-112 тікұшағының құлауынан тоғыз әскери қызметкер ажал құшты.

Тікұшақ апатынан 9 әскери опат болды

Bangkok Post газетінің хабарлауынша, оқиға елдің солтүстігіндегі Пхаяу провинциясында орын алған. Тікұшақ көкке көтерілгеннен кейін 10 минуттан соң жерге құлап түскен. Апат салдарынан оның бортындағылардың бәрі қаза тапты, оның ішінде Таиландтың жаяу әскерінің үшінші әскери бөлімшесінің командирі де бар, ол аймаққа инспекциялық шолу жүргізу мақсатында ұшып шыққан. Апаттың себептері әзірге белгісіз.