Тікұшақ апатында аман қалғандар Алматы госпитальдеріне емделуге жөнелтілуде
деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Марат Пашимов.
«Екі адам бүгін сағат 15.10-да ортопедия бөліміне жатқызылды. Олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», дейді дәрігер. «Қазір оларды Алматыдағы әскери госпитальге ауыстыру жоспарлануда», деп түсіндірді М.Пашимов. Медиктердің айтуынша, тағы бір зардап шегуші жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Ол да Алматыға емдеуге жөнелтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында тікұшақ апатқа ұшырады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Шекара қызметінің апат болған тікұшағының бортында экипажды қосқанда, 13 әскери қызметкер болған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.