Тікұшақ апатының себептерін тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды - Бас әскери прокуратура

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 22 тамызда сағат 8 шамасында Астана қаласы халықаралық әуежайы маңайында оқу-жаттығу ұшуларын орындау барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 19132 әскери бөлімінің МИ-17 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Бас әсеери прокуратура.  

Тікұшақ апатының себептерін тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды - Бас әскери прокуратура

Апаттың салдарынан тікұшақ құрылымы бұзылып, жанып кеткен.

Экипаж мүшелері түгелдей көз жұмды.

Қазіргі уақытта әуе апатын тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды.

Осы оқиға бойынша Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша (ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу) қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүргізілуде.