Тікұшақ жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін РФ Забайкалье өлкесінің Газимуро-Заводской ауданында «Робинсон» тікұшағы байланысқа шықпады. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне төтенше оқиға орнындағы жедел штаб өкілі телефонмен хабарлады.

Тікұшақ жоғалып кетті

«Алдын ала мәліметтер бойынша тікұшақ «Урюмкан» ААҚ-на тиесілі. Оның ұшу бағдары бойынша Ан-26 іздеу ұшағы іздеуге шықты», - деді дереккөзі агенттікке.

Тікұшақ бортында қанша адамның болғандығы нақтылану үстінде.