«Тіл ? барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің байқауы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымы «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» Меморандумға сәйкес

 «Тіл ? барлық білімнің кілті» атты
орыс тілі білгірлерінің байқауы өтеді
2009 жылғы 13 мамырда Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Тіл ? барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің байқауын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқаудың ерекшелігі - «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Орыс қауымы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нығаюы. «Тіл ? барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің байқауы алғаш рет өткізілмек. Байқаудың мақсаты: жастардың бойында толеранттылықты тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру. Байқауға облыстық және қалалық (Астана және Алматы) іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Байқауға қатысушылардың негізгі құрамы - орта жастары 14-20 жасты қамтитын жоғарғы оқу орындарының студенттері, мектептер мен колледжердің оқушылары. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі: - «Менің өлкемнің әдеби картасы» атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекті және басқа нұсқалары, 3-5 мин.); - «Тіл ? барлық білімнің кілті» атты шығарма-эссе жанрындағы шығармашылық жазбаша тапсырма. - Орыс және орыс тілді қазақстандық әдебиеттің классиктерінің және қазіргі заманғы жазушыларының туындыларынан үзінділерді мәнерлеп оқу, мәтінді лингвистикалық-стилистикалық талдау (билеттік жүйе); - әндер, романстар, «частушкалар» және т.б. орындау (үй тапсырмасы). Республикалық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және лауреат дипломдарымен марапатталады.