13:53, 21 Ақпан 2009 | GMT +5
Тіл комитеті мен Қазақстандағы Орыс қауымдастығы бірлесіп конкурс өткізуде
АСТАНА. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті «Қазақстанның Орыс қауымдастығы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп орыс тілі білгірлерінің арасында республикалық конкурс өткізуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Тіл ? барлық ғылымның кілті» деген тақырыпта өтетін конкурсқа 14 пен 20 жастың аралығындағы жастар шақырылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өскелең ұрпақтың тілді үйренудегі шығармашылық әлеуеттерін арттыруға және оларды төзімділікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Конкурс екі кезеңде, ағымдағы жылдың ақпан және мамыр айларында өтеді. Бірінші кезеңде, ақпанның 20-сы мен мамырдың 4-і аралығында аймақтық іс-шаралар өткізілсе, екінші - республикалық кезең мамыр айында Астанадағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында өтеді.