Тіл мәселесіне қатысты креативті шешімдер орталығы құрылады

ТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тіл мәселесіне қатысты креативті шешімдер орталығы құрылады.

Тіл мәселесіне қатысты креативті шешімдер орталығы құрылады

Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігінде өткен жиын барысында министрліктің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева мәлім етті.

«Біз орталықты шартты түрде осылай атап отырмыз. Бұнда мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға қатысты кез-келген идеялар жүзеге асады. Тілдің мәртебесін арттыру жобалары, телевизиялық жобалар, фильмдер сценарийлері, әдістемелер, қолжазбалар мен баспа өнімдері, сондай-ақ инновациялық және ақпараттық технологиялық дүниелер осында қолдау табады», - деді Ж. Құрманғалиева.

Оның айтуынша, аталған орталықта мемлекеттік тілді дамытумен қоса, басқа тілдерге оқыту жұмыстары да жүзеге асатын болады. «Ал тілдерді дамыту комитетінің жанындағы сараптамалық кеңес ондай идеялардың барлығын қарап шығады. Оның ішінде сараптамалық кеңеспен құпталып, қандай да бір өнімдерді кеңінен таратуға ұсыныс жасалса, бұндай дүниелер қаржыландырылатын болады», - деді Ж. Құрманғалиева.