Тіл саясатындағы басым бағыттың бірі мемлекеттік тілде іс жүргізудің өрісін кеңейту - Ахметжан Есімов

МАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Соңғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 82 пайыздан асты. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Ана тілім - ардағым" деп аталатын фестивальде айтты.
None
None

"Қазір қалада қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ іс қағаздары қабылданбайды. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бұдан былай да құжаттардың заң аясында рәсімделуін қадағалауды тапсырамын. Алматы қаласында тілді оқып-үйренуге, меңгеруге, мемлекеттік тілде іс жүргізуге, сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың өз ана тілдерін үйренуіне толық жағдай жасалған. Оған жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлініп отыр", - деді А.Смағұлұлы. Қазір Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Тіл оқу-әдістемелік орталығында мемлекеттік тілмен қатар - күрд, корей, түрік, венгр, поляк, ауған, осетин және тағы басқа 19 ұлт тілдерін оқыту қолға алынды. Қала басшысының айтуынша, Алматыдағы 53 жоғары оқу орнында 186 мыңнан астам студенттің жартысынан астамы ана тілімізде оқып жатыр. "Егер салыстыратын болсақ: 1990-91 оқу жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын топтардың саны 13 пайыз болатын. Қазір ол 51 пайыздан асып отыр. Бұл құбылыс өзінің заңдық жалғасын табады деп ойлаймын", - дейді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар