Тіл туралы заң мен бағдарлама тіл талабының жаңа деңгейіне сәйкес жетілдірілуі тиіс - А. Смайыл

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тіл туралы заң мен бағдарлама тіл талабының жаңа деңгейіне сәйкес жетілдірілуі тиіс.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында депутат Алдан Смайыл осылай мәлімдеді.

«Елбасы Н. Назарбаев мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің жаңа кезеңінде қол жеткізетін межені белгілеп берді. Қазақ тілін 2017 жылы халықтың 80, 2020 жылға қарай 95 пайызы игеріп, ендігі 10 жылда мектеп түлектерінің 100 пайызы осы тілде еркін сөйлеуі керек. Бұл мәртебелі көрсеткішке қалай қол жеткіземіз. Елді ойландырып отырған сауал осындай», - дейді Алдан Смайыл. Оның айтуынша, қолданыстағы «Тіл туралы» заң да, алдағы 10 жылға қабылданған бағдарлама да дәл қазіргі деңгейінде Президент алға қойып отырған талапты дәйекті жүзеге асыруға толық мүмкіндік туғызуға тиіс. Алайда депутат осы екі құжат та мемлекеттік тілдің жаңа деңгейіне сәйкес жетілдіруді қажет ететінін алға тартады. «Нақтырақ айтсақ, олар ендігі уақытта қостілділіктен біртілділікке байыппен, республикадағы тілдерге қажеттілік ескеріле отырып, заң арқылы көшудің құқықтық негізіне айналуы шарт. Сондықтан да, біз Әділет, Мәдениет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Байланыс және ақпарат министрліктері мен мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссия «Тіл туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, Парламентке осы жылдың ішінде ұсынуға тиіс деп есептейміз», - деді А. Смайыл.

Соңғы жаңалықтар
Референдум