Тіл туралы заңның баптары неге орындалмай отыр? - Р.Халмұрадов

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Тіл туралы заңның баптары неге орындалмай отыр?

Тіл туралы заңның баптары неге орындалмай отыр? - Р.Халмұрадов

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Розақұл Халмұрадов мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты заң нормаларының орындалмай отырғаны туралы мәселе көтерді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның» қолданысқа енгізілгеніне 15 жыл болды. Алайда, осынша жыл өткеніне қарамастан, заңның 23-бабындағы мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуі тиіс кәсіптер, мамандықтар және лауазымдардың тізбесі туралы норма әлі күнге орындалмай келеді. Алайда осы тізбе бекітілгеннен кейін, ертесінде-ақ мамандар да лауазымдар да қазақша сөйлеп кетеді дегеніміз дұрыс емес. Сондықтан тізбе бекітілгеннен кейін ол бойынша кімнің қаншалықты деңгейде тілді білуі тиістігі айқындалуы шарт. Бұдан соң барып, оларға дайындалуға қажетті мерзім беріледі. Алайда бұның бірі де орындалып отырған жоқ», - дейді Розақұл Халмұрадов.

Онң айтуынша, аталған заңның 21-бабындағы норма да орындалмай отыр. Онда көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғарыға, орыс тіліндегі мәтін оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады деп көрсетілген. Басқа тілдерге аударылуы қажеттілігіне қарай жазылуы мүмкін.  «Алайда басқа жерді айтпағанды Астананың өзіндегі басым жерлерде көрнекті ақпарат ағылшын тілінде бір метрлік әріптермен, ал қазақшасы 15 -20 сантиметрлік әріппен жазылған. Бұны тәртіпке келтіру үшін бюджеттен қаражат қажет емес. Тек мемлекеттік уәкілетті органның  құзыры жетпей жатыр», - дейді депутат.