«Тілдарын» мемлекеттік тілді меңгерудің мультимедиялық кешенін әзірледі
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - «Тілдарын» орталығы мемлекеттік тілді меңгерудің «Қазақ тілі. Тілдарын» атты мультимедиялық және оқу-әдістемелік кешенін әзірледі.
Бүгін Астанада оның таныстырлымы болды.
Орталық директоры Меруерт Жапарованың айтуынша, аталған кешенде мемлекеттік тілді меңгерудің бірыңғай жүйесі жинақталған. «Онда мультимедиялық материалдарға дейін бәрі бар. Осының арқасында қазақ тілін қашықтан да оқытуға болады. Адам кез келген жерде отырып, ұялы байланыс арқылы тілді үйрене алады. Осы орайда айта кететін тағы бір жәйт, адам жасына шектеу жоқ: жасы, кәрісі бар. Барлығы бірдей оқу-әдістемелік кешен бойынша дәріс алса болады», - дейді М.Жапарова.