Тілсіз жау анасы мен екі сәбидің өмірін қиды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Ақсай-3» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіру кезінде 2 және 4 жастағы сәбилер мен олардың анасының денесі табылды,

Тілсіз жау анасы мен екі сәбидің өмірін қиды

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйде орын алған. Өрт туралы хабар 8 сәуір күні сағат 11-де түскен. Араға жарты сағат салып барып ауыздықталған қызыл жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 11 маман мен 3 техника жұмылдырылды.