Тілсіз жау салдарынан 5 адам қаза болды, олардың арасында зейнеткерлер бар - ҚР ТЖМ

Сенбі күні, 23 наурызда Шахтинск қала төңірегіндегі Шахан кентінде жеке жер үйде өрт болды. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Қайғылы оқиға орнынан зейнеткерлердің денелері табылды, оның бірі 1938 жылы туылған ер адам және екіншісі 77 жастағы кейуана.
ТЖ-ны жоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД жеке құрамының 14 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 3 бірлік техникасы қатыстырылды.
Сол күні Шығыс Қазақстан облысының Зырьян қаласында Кошевая көшесі, 2-үй мекенжайында жеке тұрғын үй өртке ұшырады. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды, олар - 1949 жылғы 70 жастағы қарт адам, 1949 жылғы және тағы бір белгісіз ер адам.
Өртті жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 8 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы қатыстырылды.
Шымкентте Айқап шағынауданындағы жеке үйдің аумағында бөлек тұрған шаруашылық құрылысында өрт болды. Өрт шарпыған алаң 12 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 65 жастағы ер адам термиялық күйіктермен ауруханаға жөнелтілді.
Өртті жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 8 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы қатыстырылды.