Тілсіз жау тағы 4 адамның өмірін жалмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар өңірінде өткен тәулікте тұрғын үйлердің отқа орануынан тағы бірнеше адам ажал құшты, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің ақпараттық порталында.

Тілсіз жау тағы 4 адамның өмірін жалмады

Павлодар облысы Железин кентінде жекеменшік үйден от шығып, 54 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Өрт 53 шаршы метр аумаққа шарпыды. Қостанай облысындағы Тоғұзақ кентінде тілсіз жаудан 67 жастағы зейнеткер қаза болды. Қызыл жалын 15 шаршы метрге жайылды. Петропавлда жекеменшік үй өртеніп, 61 жастағы азамат газ иісіннен уланып, ауруханада көз жұмды. Алматы облысы Текелі қаласындағы қойманың бірінде өршіген өрттен 71 жастағы күзетші қайтыс болды.