Тимати ұшақта темекі шеккен Г. Лепсті «ұстап берді» - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ полицейлері интернетке жарияланған Григорий Лепстің ұшақта темекі шегіп отырғаны түсірілген видеороликті зерттеу үстінде. Оны түсірген рэпер Тимати видеоны өз парақшасына орналастырған, деп жазады Ресейлік БАҚ.
"Ұшақ салонында темекі шегуге тыйым салынған. Бұл ережені бұзу бұзақылық қылмысына жатады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Видео Екатеринбургке ұшып бара жатқан ұшақ бортында түсірілген. Екатеринбургте 15 шілдеде Григорий Лепстің концерті өткен. Жазбада Лепстен басқа орындықтар арасында билеп жүрген Тиматиді де аңғаруға болады.