Тиматидің тұңғыш баласы дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тимати мен оның сүйіктісі Алена Шишкованың отбасында үлкен қуаныш болып жатыр. Әншінің тұңыш баласы дүниеге келді. Қуанышымен бөлісуге асыққан ол жаңа туған қызының суретін бірден Іnstagram-ға салыпты.
None
None

Салмағы 4 келі, бойы 53 см-лік қыз бала Доминикан Республикасының Санто-Доминго клиникасының бірінде туды. Қыздың анасы - 21 жасар ресейлік сәнбике. Ол жүкті кезінде уақытының көбін Тиматидің анасының жанында өткізіпті. Әке атану бақытын алғаш сезінген Тимати босану кезінде палатада сүйіктісінің қасында болған. Қызы іңгәләп жарық дүниеге келгенде Тимати қуаныштан жылап жіберіпті. Қазір анасы мен қызының жағдайы жақсы, жан-жақтан құттықтаулар қабылдауда. Тимати қызына Алиса деп ат қойды, деп жазады utro.ru. Тимати (шын аты Тимур Юнусов) -ресейлік рэпер. Әнші ретінде «Жұлдыздар фабрикасы -4» жобасына қатысқаннан кейін таныла бастады. Қазір музыкант әлемге әйгілі Snoop Dogg, Баста Раймс, Дидди Xzibit, Fat Joe, Ив, Крейг Дэвид ижәне Тимбалэнд сынды орындаушылармен бірге жұмыс істеп, бірнеше әндері мен бейнебаяндарын аталған жұлдыздармен бірге жасаған.

Соңғы жаңалықтар